Get Mystery Box with random crypto!

Данияр Жігітбек

Logo saluran telegram dzhigitbek — Данияр Жігітбек Д
Topik dari saluran:
Күнделік
Logo saluran telegram dzhigitbek — Данияр Жігітбек
Topik dari saluran:
Күнделік
Alamat saluran: @dzhigitbek
Kategori: Agama
Bahasa: Bahasa Indonesia
Pelanggan: 16.85K
Deskripsi dari saluran

Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын.
Кері байланыс: @zhigitbek
Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Pesan-pesan terbaru

2024-05-10 19:27:06
200 рет беті қайтса да, өзі қалаған компанияға жұмысқа тұрған Нәрікбидің оқиғасын подкасттан көріп, тыңдай аласыздар.



6.3K viewsDaniyar Zhigitbek, 16:27
Buka / Bagaimana
2024-04-11 16:05:06 "Не үшін кітап оқу керек?" кітабына алғысөз

Құрметті оқырман! Қолыңыздағы кітапты үш замандасыңыздың кітапқа деген махаббатын көрсететін туынды деп біліңіз. Біз, Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев және Шразаддин Каниязов, осы кітабымыз арқылы сізді "кітап" деген ғажайып әлемге шақырғымыз келеді.

5000-ға жуық кітап оқыған, 10-нан аса кітап жазған жандар ретінде кітап жайлы кітапты біз жазбасақ, кім жазады?

Бұл кітапта біз кітап оқудың пайдаларын, біздің өмірімізді қалай өзгерткенін айттық. Сондай-ақ кітапты қалай оқу керек, қалай таңдау керек, оқығанды амалға асырудың жолдары жайлы да сөз қозғадық.

Кітап үш адамның еркін әңгімесі форматында жазылған. Барынша қарапайым сөздерді қолдануға тырыстық. Арасында ауызекі стильдегі сөздер де кездеседі. Үшеуміз ғана сөйлей бермей, арасында сізге де пікір білдіруге, әңгімеге араласуға мүмкіндік беріп отырамыз.

Әдебиеттен хабары бар жандар біледі, Әзілхан Нұршайықовтің "Ақиқат пен аңызы", Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтің "Құз басындағы аңшының зары" кітабы осындай диалог түрінде жазылған. Біздің кітабымыз да сонысымен ерекшеленбек. Үш адамның бір нәрсеге қатысты үш түрлі пікірін оқи отырып, сіздің де өз пікіріңіз қалыптасады. Әрі әңгіме жалықтырмайды. Былайша айтқанда, бір деммен оқып шығасыз.

Бұл – кітап оқу жайлы кітап. Бірақ біз тек кітап жайлы әңгімемен ғана шектелмедік. Кітапқа тікелей қатысы бар ғылым, дін, пәлсапа, өнер тақырыптарына да түрен салдық. Оқып, таным көкжиегіңіз кеңіп қалады деп сенеміз.

Біздің мақсатымыз: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Мына туынды да сол мақсаттан туған. Егер кітабымыз сіздің кітаппен достасып кетуіңізге себеп болса, мақсатымызға жеткеніміз.

Ал, ыңғайланып отырыңыз. Әңгімемізді бастайық.
21.1K viewsDaniyar Zhigitbek, edited  13:05
Buka / Bagaimana
2024-03-21 13:06:30
@zhigitbek
17.6K viewsDaniyar Zhigitbek, 10:06
Buka / Bagaimana
2024-03-17 03:46:56 "Ауылға Kitapal" жобасының 2024 жылға жоспары

"Туысқандар", "Кластастар", "Ауылдастар", т.б. чаттарға таратып жіберейікші. Барынша көп адам осы жобамыз жайлы білсінші.

Талқылау чатымызға да шақырыңыздар:
https://t.me/+WHwCFVjr2y2bCTaH
18.8K viewsDaniyar Zhigitbek, edited  00:46
Buka / Bagaimana
2024-03-15 09:52:02 Құрметті достар!

"Ауылға Kitapal" жобасының 2024 жылға жоспарымен танысқан шығарсыздар.
Жоспардың pdf нұсқасы төменде тұр.

Мақсатымыз 16.12.2024 дейін 400 ауылға кітап жеткізу еді.
Осы сәттегі көрсеткіш: 297.

Біз ай сайын әр облыстың 2 ауылына кітап жіберіп отыруға бел будық. Бірақ сол ауылдың жанашырлары болмаса, бұл мақсатқа жетуіміз қиын. Жобаны қарапайым халықтың күшімен жүзеге асырып жатқанымызды атап өткім келеді.

Сол үшін сіздерді бірігуге шақырамын. Біреу мектеп табады, біреу кітаптарды алуға қажет қаражатты іздейді, біреу ерікті боп мектепке барып, сол кітаптарды таныстырып, оқушыларға мотивация беріп қайтады.

Қазіргі облыстар бойынша статистикамыз мынадай:

мамыр жоспарын орындады (2 ауылға кетті)
мамыр жоспарын жартылай орындады (1 ауылға кетті)
мамыр жоспарын әлі орындамады (0 ауыл)

Жалпы: 297 ауылға кетті

Түркістан облысы: 59
Атырау облысы: 32
Қызылорда облысы: 23
Алматы облысы: 23
Ақмола облысы: 22
Абай облысы : 20
Жамбыл облысы: 17
Жетісу облысы: 16
Ақтөбе облысы: 14
Батыс Қазақстан облысы: 12
Шығыс Қазақстан облысы : 11
Маңғыстау облысы: 11
Қостанай облысы: 9
Павлодар облысы: 9
Солтүстік Қазақстан облысы: 8
Қарағанды облысы: 6
Ұлытау облысы: 5

Бәріміз жұмылып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!

Құрметпен,
Данияр Жігітбек
"Ауылға Kitapal" жобасының жетекшісі
17.0K viewsDaniyar Zhigitbek, edited  06:52
Buka / Bagaimana
2024-02-26 13:16:03 Өзіміз отырып шәй ішейік

Достар, каналама шақырамын. Ол жерде ой, білім, инсайттарымды аудио форматта бөлісіп отырамын. Подкаст қой, былайша айтқанда.

2024 жыл соңына дейін жүргізуге бел будым.

Қызық болса, қосылыңыз. Курс емес, марафон емес, үй тапсырмасы жоқ. Жай тыңдап, ой қозғап отырсаңыз, болды.

Подписка форматын таңдадым. Каналдағы аудио материалдар жыл соңына дейін өшпейді.

Кез келген уақытта подписка жасап, бүкіл материалдарға доступ ала бересіз.

Подписка ұзақтығы: 1 ай.

Ай біткенде, тағы төлем жасап, ұзарта аласыз. Болмаса, кешірек қосылып, тыңдап шығуға да болады. Әрине, ол кезде тыңдап үлгере алсаңыз

01.03.2024 бастадым. Подписка жасап қойыңыз.

1 айға подписка жасаймын десеңіз,
3000 тг.

3 айға бірден подписка жасаймын десеңіз,
7000 тг.

5 айға бірден подписка жасаймын десеңіз,
12000 тг.

Каспи:
8 777 583 98 00
Руслан Ж.

Чекті мына жерге жіберіңіз: @bmq01
30.6K viewsDaniyar Zhigitbek, edited  10:16
Buka / Bagaimana
2023-08-22 14:04:33 Құрметті жақсылар!

Kitapal Club қауымдастығы өз жұмысын ресми бастады!

Дәл қазіргі сәтке дейін Қазақстан бойынша 232 оқырман клубымыз құрылды!

Атап айтқанда:

Алматы: 84 клуб
Астана: 33 клуб
Түркістан: 16 клуб
Шымкент: 16 клуб
Қарағанды: 10 клуб
Атырау: 8 клуб
Павлодар: 8 клуб
Ақтөбе: 7 клуб
Қызылорда: 7 клуб
Семей: 6 клуб
Өскемен: 5 клуб
Орал: 5 клуб
Ақтау: 4 клуб
Көкшетау: 4 клуб
Тараз: 4 клуб
Құлсары: 3 клуб
Қостанай: 2 клуб
Талдықорған: 2 клуб
Қызылжар: 2 клуб
Қаскелең: 1 клуб
Аягөз: 1 клуб
Жаңаөзен: 1 клуб
Жезқазған: 1 клуб
Қордай: 1 клуб
Жаңақорған: 1 клуб

Әлем бойынша 11 клубымыз бар:

Ұланбатыр: 7 клуб
Баян-Өлгий: 4 клуб

Әр клубта 8 адамнан. Топбасылар (head-тер) алғашқы тапсырмаларын алды. Жыл бойы оқып, талдайтын кітаптар тізімін бердім. Қызықтың бәрі алда.

Өз networking чатымызды ашып қойдық. Сол жерде үлкен отбасы боп бір-бірімізге көмектесіп отырамыз. Бірігіп жасайтын жобалар көп. Қуантатыны, өзіміз сияқты даму жолына түскен интеллектуал достарымыздың саны артты.

Қыркүйектің соңы — қазанның басы Алматы қаласында үлкен форум жасау жоспарда бар. Барлық Kitapal Club мүшелерін шақырып, жобаның беташарын шулатып тұрып жасап жіберу керек

Менің қазіргі бар ойым: әрбір клуб мүшесі осынау үлкен қауымдастықтың бір бөлшегі болғанын мақтан тұтатындай, өзгелер бізге қызығатындай жағдай жасау.

Бастысы, бәріміз жұмылып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырып жатырмыз деген ой қатты қуантады.

Білуімше жер-жерде әлі клубтар құрылып жатыр. Қосылыңыздар. Әлі де кеш емес.

Өзара 8 адам боп өз қалаңызда ұйымдасып, бір тобасын (head) сайлаңыз. Сосын сол head сауалнаманы толтырсын. Болды.

Сосын тобыңызды ресми тіркейміз. Сіздер де Kitapal Club қауымдастығының бір мүшесі атанасыздар.

Құрметпен,
Данияр Жігітбек
Kitapal Club президенті
69.9K viewsDaniyar Zhigitbek, edited  11:04
Buka / Bagaimana
2023-07-25 14:58:59 Kitapal Club қауымдастығына (community) шақырамын!

Біздің миссиямыз: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Болашақта еліміздің әр азаматы жылына кемінде 10 кітап оқығанын көргіміз келеді.

"Болашақта елді кітап оқитын адамдар басқарады" деген сөз бар еді ғой. Kitapal Club қауымдастығын құру арқылы біз еліміздегі оқырмандарды бір тудың астына жинағымыз келді. Біріксек, үлкен күшке айналамыз!

Қауымдастық деген — миссиясы, мүддесі, бағыты, құндылықтары бір адамдар ғой. Яғни, сіз қауымдастыққа қосылу арқылы өзіңізге жақын бизнес серіктес, дос таба аласыз деген сөз. Қауымдастық мүшелері бір-біріне ерекше қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Сырттағы біреудің өнімін сатып алғанша өз ортаңдағы адамнан алу әлдеқайда сенімді емес пе?

Kitapal Club қалай жұмыс істейді?

Kitapal Club қауымдастығын жер-жердегі оқырман клубтары құрайды. Әр оқырман клубы 8 адамнан тұрады: бір head (топбасы) және 7 оқырман. Неге 8 адам? Жиналып, ұйымдасуы оңай. Кітап талдауға бәрі белсенді қатысады. Кездесулер өнімді өтеді.

Бұл клубтар әр айдың соңғы аптасында оффлайн жиналып, біз ұсынған кітапты талдайды. Кітаптар тізімі дайын. Оны қауымдастық чатында бөлек жариялаймын.

Сонда біз бір жылда әрқайсымыз 12 кітап оқып, соны талдап, бір толқында боламыз. Ойлаңызшы, 100 клуб құрсақ, бұл 800 оқырман деген сөз. 800 адам бір жылда әрқайсы кемінде 12 кітап оқып, соны талдайды. Керемет емес пе?

Одан бөлек Kitapal Club аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз: камп, форум, саяхат, т.б. Клуб мүшелері Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру жолында ерікті боп түрлі жобаларға (мысалы, "Ауылға кітап" сияқты) қатыса алады. Өздері идея ұсынса, тіпті керемет.

Kitapal Club-қа қалай қосыла аласыз?

Өз қала/ауылыңызда 8 адам бірігіп, оқырман клубын құруыңыз керек. Бір head (топбасын) сайлап қойыңыз. Болмаса, өзіңіз head боп, жауапкершілік алып, тағы 7 адам жинаңыз. Кездесулер оффлайн өтетінін ескеріңіз.

Мен head-терге арналған телеграм чат ашып қойдым. Сол жерде тапсырма, бағыт беріп отырамын. Іс-шаралар жайлы да сол жерде хабарлаймын. Инстаграм парақшамызды кешірек ашып қоямыз.

Клуб мүшесі атану үшін Kitapal мобильді қосымшасын жүктеп, сол жерде 8000 тг тұратын бір жылдық подписканы алуыңыз керек. Сосын бір жыл бойы бізден шыққан кітаптардың электронды нұсқасын шексіз оқи бересіз. Біз талдауға ұсынған кітаптар да сол жерде болады.

Әзірге Head (топбасы) болу жауапкершілігін алған жандар мына форманы толтырсыншы:

https://forms.gle/rpDaMvzd52Er5UKG8
50.0K viewsDaniyar Zhigitbek, 11:58
Buka / Bagaimana
2023-07-08 09:54:43 Threads әлеуметтік желісінде челлендж бастадым.

#1000_кайДЖен_қадам деп атадым.

ДЖ – Данияр Жігітбек. Яғни, Данияр Жігітбектің 1000 кайдзен қадамы.

Өмірімді жақсартатын кішкентай кайдзен қадамдарды сол жерде жазып отырамын.

Есеп ашылды. Мақсат: 1000-ға жеткенше бөлісе беру.

Бәлкім бұл бастама сіз үшін пайдалы боп қалар. Себебі сіз өміріңізді өзгерткіңіз, жақсарғыңыз кеп, бірақ неден бастарыңызды білмей немесе бірден үлкен қадамдарды ойлап кетіп, қиналып жүрген шығарсыз.

Бұл жоба сізге кішкентай кайдзен қадамдардың қандай болатынын көрсетеді деп ойлаймын. Соған қарап, өз қадамдарыңызды жоспарлай алатын боласыз.

Маған жазылып қойыңыз

https://www.threads.net/@dzhigitbek
28.5K viewsDaniyar Zhigitbek, 06:54
Buka / Bagaimana
2023-06-28 03:37:27 Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Кімге немесе неге жақындау үшін немізді құрбан етіп жүрміз?

Мейрам күнгі абыр-сабырдың арасында бір ой жүгіртіп көрейікші.
28.3K viewsDaniyar Zhigitbek, 00:37
Buka / Bagaimana