Get Mystery Box with random crypto!

Данияр Жігітбек

Logo saluran telegram dzhigitbek — Данияр Жігітбек Д
Logo saluran telegram dzhigitbek — Данияр Жігітбек
Alamat saluran: @dzhigitbek
Kategori: Agama
Bahasa: Bahasa Indonesia
Pelanggan: 16.99K
Deskripsi dari saluran

Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын.
Кері байланыс: @zhigitbek
Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Pesan-pesan terbaru 2

2023-07-08 09:54:43 Threads әлеуметтік желісінде челлендж бастадым.

#1000_кайДЖен_қадам деп атадым.

ДЖ – Данияр Жігітбек. Яғни, Данияр Жігітбектің 1000 кайдзен қадамы.

Өмірімді жақсартатын кішкентай кайдзен қадамдарды сол жерде жазып отырамын.

Есеп ашылды. Мақсат: 1000-ға жеткенше бөлісе беру.

Бәлкім бұл бастама сіз үшін пайдалы боп қалар. Себебі сіз өміріңізді өзгерткіңіз, жақсарғыңыз кеп, бірақ неден бастарыңызды білмей немесе бірден үлкен қадамдарды ойлап кетіп, қиналып жүрген шығарсыз.

Бұл жоба сізге кішкентай кайдзен қадамдардың қандай болатынын көрсетеді деп ойлаймын. Соған қарап, өз қадамдарыңызды жоспарлай алатын боласыз.

Маған жазылып қойыңыз

https://www.threads.net/@dzhigitbek
28.5K viewsDaniyar Zhigitbek, 06:54
Buka / Bagaimana
2023-06-28 03:37:27 Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Кімге немесе неге жақындау үшін немізді құрбан етіп жүрміз?

Мейрам күнгі абыр-сабырдың арасында бір ой жүгіртіп көрейікші.
28.3K viewsDaniyar Zhigitbek, 00:37
Buka / Bagaimana
2023-06-06 18:34:51 "Қаржы қағидалары" кітабына предзаказ жасаған жандар арасында рандом арқылы 3 жеңімпазды тікелей эфирде анықтадық. Оларға қаржы бойынша 1 айлық менторствомды сыйлаймын.

Жеңімпаздар, хабарлассыншы:

1. Сатымбаева Жанар, Алматы
2. Аманқұлов Ұлықбек, Астана
3. Нұралиқызы Жансая, Алматы.
28.7K viewsDaniyar Zhigitbek, 15:34
Buka / Bagaimana
2023-04-21 08:54:08 Айт құтты болсын, ағайын!

Рамазанда 30 күн ас-ауқаттан тыйылдық. Бүгін бейне бір еркіндікке жеткендей қуанып, арқаны кеңге жайып отырмыз. Айт күнгі қуаныштың дәмін тек 30 күн ораза ұстағандар жақсы сезінсе керек.

"Бұл өмір кәпір үшін — жәннат, мұсылман үшін — зындан" дегенді естіп едім. Бұл өмірде мұсылман болсаң, қалағаныңды істей бере алмайсың. Белгілі бір тыйымдар бар.

Тамақтың адалын таңдап жейсің. Киімнің ұяттысын таңдап киесің. Сөздің түзуін таңдап айтасың. Себебі сен — Алланың таңдап алған құлысың!

30 күн ораза сияқты тыйымдарға толы бұл өмір де өте шығар. Содан кейін сені еркіндік күні — Жұмаққа кіретін күнің күтіп тұр. Сол күнгі қуаныштың қандай болатынын білмеймін. Бірақ бүгінгі айт күнгі сезімдер сол күні кешетін күйімізден хабар беріп тұрғандай.

Біз Рамазандағы тыйымдардан азап шегіп, қазір енді содан құтылғанымызға қуанып тұрған жоқпыз. Жоқ! Әсте олай емес. Керісінше ол бізге ләззат сыйлайтын тыйымдар еді. Әйтпесе, қасиетті аймен қимай қоштаспас едік.

Дәл сол сияқты мұсылман адам үшін бұл өмірдегі тыйымдар — азап шектіретін емес, ләззат сыйлайтын тыйымдар. Олай болса, өмір бойы тыйылып, содан ләззат алып, одан кейін сол тыйымдардан құтылып, Жәннатқа кіріп, содан да ләззат алатын мұсылманның күйі қандай ғажап!

@dzhigitbek
33.5K viewsDaniyar Zhigitbek, 05:54
Buka / Bagaimana
2023-03-28 10:02:52 Өзгенің ісін жеңілдету

"Өзгеге көмектесу" емес, "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөзді қолданғым кеп тұр. Екі сөздің энергиясы екі түрлі. Мені "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөз көбірек шабыттандырады.

Жан-жағыма қарап, "кімнің ісін жеңілдете алам?" деп ойлана бастадым. Бір танысым кітабын сата алмай, жарнамасын қалай жасарын білмей басы қатып отыр. Бір әжей банкоматтың тілін түсінбей, қиналып тұр.

Олардың ісін жеңілдетуге шамам мен білімім жетіп тұр ғой. Танысыма хабарласып, 1-2 копирайтинг тәсілді көрсетіп, саудасын көтере аламын. Әжейдің ақшасын шығарып бере аламын.

Мен оларды елемей, өз жөніммен кете берсем де болар еді. Бірақ олай істесем, әлемде кемінде 2 адам қиналып тұрар еді.

Біз өзгенің ісін жеңілдетуді емес, қиындатуды көбірек ойлайтын сияқтымыз. Біреуге жол бермей, біреуді күттіріп, біреуге қағаз толтыртып, біреуге артық іс істетіп, біреуге қырсығып уақытында жауап бермей жатырмыз. Егер жалпы ел болып өзгенің ісін жеңілдетуді ұстаным етіп алсақ, жемқорлықты да жеңер едік-ау осы.

Біреудің көмек сұрағанын күтпей, өзің бірінші барып, ісін жеңілдетсең, кайф! Фишка сұратпай көмектесуде. Жан-жағыңа қарашы. Қиналып, басы қатып жүрген, мейлі ол кішкентай іс болсын, жандарды іздеші. Тез табасың. Сен үшін оп-оңай, бірақ ол үшін қиын істің күрмеуін шешіп бер. Сөйтіп әлемдегі қиналып жатқан адамдардың санын аз-аздан үздіксіз азайта берейікші.

@dzhigitbek
42.9K viewsDaniyar Zhigitbek, edited  07:02
Buka / Bagaimana
2023-03-22 16:36:12 Күннің батуы, айдың тууымен келіп жеткен Рамазан айы құтты болсын, құрметті мұсылмандар!

Праздник к нам приходит. Үлкен сарайды елестетші. Іші толған алтын кесектері. Бір кесекті сатсаң, құны: $50. Жерде шашылып жатыр. Бассаң, тізеңе дейін батып кетесің. Сарайдың есігі ашылып, "30 күнің бар, үлгергеніңше теріп ал" деді. Сондай күйде тұрмын.

Биыл тек ішіп-жеуден ғана тыйылып қоймай, көз, құлақ, тіл, қол, аяқ та ораза ұстайтын екінші деңгейге ниет етіп қояйық, уа, мұхтарам жамағат!

@dzhigitbek
26.1K viewsDaniyar Zhigitbek, 13:36
Buka / Bagaimana
2023-03-20 13:26:16 Жақында Стамбулда болдым. Досым Олжас Ханафин қарсы алып, қонақ етіп күтті.

"Білім де — ризық", "Сен ризығыңды немесе ризығың сені қайдан табатынын білмейсің, Жер бетін кез" деп жатады ғой.

Олжас бауырым бір білімін бөлісті. Осы сапардың ең үлкен олжасы сол деп білемін.

Ол Стамбулда оқып жатқан Әділет деген қари бауырымыздың Құран жаттау тәсілі жайлы айтып берді. Өз сөзіммен жеткізсем, былай:

Күнде кемінде 1 сағат Құран оқы. Дауыстап. Басында қиын болса, 15 минуттан бастасаң болады.

Сөйтіп оқу жылдамдығың арта береді. 1 сағатта 3 пара (1 парада 20 бет бар) оқитын деңгейге жетесің. 3 пара: 60 бет.

Сонда әр 10 күн сайын Құранды хатым етіп отырасың. Құран 30 парадан тұрады. Яғни, бір жылда 36 хатым деген сөз: 365/10 = 36.5.

Сөйтіп 3 жыл жай хатым ете бер. Шамамен 108 хатым болады. Содан кейін 3 ай арнайы уақыт бөліп, мүмкін болса, бір медреседе жатып, Құран жатта. Ұмытпайтындай жаттап аласың да, қари боласың Алла қаласа.

Көбі Құранды бірден жаттай бастайды. Оны қайталау да оңай емес. Сөйтіп Құран жаттауды да, жай оқуды да тастап кетеді. Ал мына әдіс Құран оқуды тәрк етпей әрі оны ұмытпайтындай жаттауға көмектеседі.

Нейробиология, мидың жұмысы жайлы аз-маз білімім бар. Бұл әдістің неге жұмыс істейтінін біліп тұрмын. 108 рет оқылғаннан кейін Құран түпсанаңа отырады. Сіңеді. Кейін жаттасаң, бәрі оп-оңай орын-орнына тұра қалады. Алматыны 108 рет аралап, кейін көше аттарын жаттап алғандай ғой. Бірден жаттасаң, миыңа кірмейтін еді.

3 жыл бойы "Құран оқушы" деген дәрежеде болу да үлкен жетістік қой негізі. Құранда шамамен 320 000 әріп бар. "Оқылған әр әріпке 10 сауаптан беріледі" деген хадисті де білеміз.

Қарапайым математикаға салып, есептеп көрейік. 108 рет Құранды бастан-аяқ оқып шықсақ,

108 хатым * 320 000 әріп * 10 сауап = 345 600 000 сауап!

3 жылда қари боп кетпесек те, мынадай сауапқа кенеліп жатсақ, керемет емес пе?!

@dzhigitbek
41.0K viewsDaniyar Zhigitbek, edited  10:26
Buka / Bagaimana
2023-03-05 00:23:21 Адам өзінің біреуге қажет екенін білгенде, өзін бақытты сезінеді.

Дәл сол сияқты ешкімге қажет емес екенін білгенде, өзін бақытсыз сезінеді.

Қанша жерден мықты болсаң да, сені қажет ететін адамдар болмаса, сенің мықтылығың түкке тұрмайды.

Ал сені біреу қажет етуі үшін сен оларға үнемі бір нәрсе беруің керек: уақыт, энергия, білім, қызмет, т.б. Былайша айтқанда, беруші болуың керек қой.

Адамның қарттықтан қорқуының бір себебі: ешкімге керек болмай қалам деп ойлайды.

Әлемді аралап, өзімнің тек қазаққа ғана керек екенімді түсіндім. Сол үшін қазаққа қызмет етіп, барымды беріп өтем деп шешім қабылдадым.

04.03.2023
Сальта
Аргентина

#күнделік
25.3K viewsDaniyar Zhigitbek, 21:23
Buka / Bagaimana
2023-03-03 12:32:52 Дінсіз адамның тәуекелін, болашаққа деген сенімділігін, ештеңеден қорықпайтынын көргенде, өзімнің діндар бола тұра, ірі-ірі мақсаттар қоюға, жоспар құруға ("ой, болмай қалса ше?" деп) тартынып, тәуекелге бармай жүргеніме ұялдым. Алладан ұялдым.

Асылы, менің сенімділігім – Аллаға деген, яғни, Алла мені кез келген жағдайда қолдайды деген сенімділігім болуы керек еді ғой. Бүкіл әлемнің раббысы сенің жағыңда тұрғанда, сенің қорқуың, тәуекел етпеуің, ірі-ірі мақсаттар қоймауың, жоспар құрмауың қылмыс қой. Әсіресе, дінсіз адамның өзі осыны істеп жүргенде.

02.03.2023
Буэнос-Айрес
Аргентина

#рухани_әңгіме
#күнделік
28.3K viewsDaniyar Zhigitbek, 09:32
Buka / Bagaimana
2023-02-14 19:01:45 Жамандықпен күресу бар. Жақсылықты жаю бар.

Мен жақсылықты жаю жолын таңдадым.

Атеиске кезігіп қалсам, онымен қызыл кеңірдек боп, бірдеңе дәлелдеп, сөз таластырмаймын. Күреспеймін. Оның орнына Құдайға деген махаббатымды ең заманауи формада, ең әдемі үлгіде көрсету үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.

"Лгбт пропагандасы күшейіп кетті, ойбай" деп жаһанға жар салмаймын. Күреспеймін. Оның орнына отбасы құндылығы, ер мен әйел арасындағы махаббатты, мысалы, жарымды қалай қатты сүйетінімді көбірек жыр қыламын. Оны көріп, қыз қыз боп туғанына қуанып, жігіт жігіт боп туғанын мақтан тұтатындай жігіт болу үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.

Youtube, tiktok, insta-да жеңілтек контент көбейіп кетті деп ешкімді сөкпеймін. Күреспеймін. Оның орнына сол жерде мағыналы, нәрлі, мәнді, пайдалы контентті көбейту үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.

Жамандықпен күреспе, жақсылықты жай. Ең ұтымды жол сол.

Сен жайған жақсылықтың құшағында кез келген жамандық тұншығып қалсыншы. Сен жайған жақсылықтың жылуынан кез келген жамандық еріп кетсінші. Сен жайған жақсылықтың жарығынан Күн шыққанда, Ай көрінбей қалғандай кез келген жамандық көрінбей қалсыншы.

@dzhigitbek
30.9K viewsDaniyar Zhigitbek, 16:01
Buka / Bagaimana