Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті жақсылар! Kitapal Club қауымдастығы өз жұмысын ресми | Данияр Жігітбек

Құрметті жақсылар!

Kitapal Club қауымдастығы өз жұмысын ресми бастады!

Дәл қазіргі сәтке дейін Қазақстан бойынша 232 оқырман клубымыз құрылды!

Атап айтқанда:

Алматы: 84 клуб
Астана: 33 клуб
Түркістан: 16 клуб
Шымкент: 16 клуб
Қарағанды: 10 клуб
Атырау: 8 клуб
Павлодар: 8 клуб
Ақтөбе: 7 клуб
Қызылорда: 7 клуб
Семей: 6 клуб
Өскемен: 5 клуб
Орал: 5 клуб
Ақтау: 4 клуб
Көкшетау: 4 клуб
Тараз: 4 клуб
Құлсары: 3 клуб
Қостанай: 2 клуб
Талдықорған: 2 клуб
Қызылжар: 2 клуб
Қаскелең: 1 клуб
Аягөз: 1 клуб
Жаңаөзен: 1 клуб
Жезқазған: 1 клуб
Қордай: 1 клуб
Жаңақорған: 1 клуб

Әлем бойынша 11 клубымыз бар:

Ұланбатыр: 7 клуб
Баян-Өлгий: 4 клуб

Әр клубта 8 адамнан. Топбасылар (head-тер) алғашқы тапсырмаларын алды. Жыл бойы оқып, талдайтын кітаптар тізімін бердім. Қызықтың бәрі алда.

Өз networking чатымызды ашып қойдық. Сол жерде үлкен отбасы боп бір-бірімізге көмектесіп отырамыз. Бірігіп жасайтын жобалар көп. Қуантатыны, өзіміз сияқты даму жолына түскен интеллектуал достарымыздың саны артты.

Қыркүйектің соңы — қазанның басы Алматы қаласында үлкен форум жасау жоспарда бар. Барлық Kitapal Club мүшелерін шақырып, жобаның беташарын шулатып тұрып жасап жіберу керек

Менің қазіргі бар ойым: әрбір клуб мүшесі осынау үлкен қауымдастықтың бір бөлшегі болғанын мақтан тұтатындай, өзгелер бізге қызығатындай жағдай жасау.

Бастысы, бәріміз жұмылып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырып жатырмыз деген ой қатты қуантады.

Білуімше жер-жерде әлі клубтар құрылып жатыр. Қосылыңыздар. Әлі де кеш емес.

Өзара 8 адам боп өз қалаңызда ұйымдасып, бір тобасын (head) сайлаңыз. Сосын сол head сауалнаманы толтырсын. Болды.

Сосын тобыңызды ресми тіркейміз. Сіздер де Kitapal Club қауымдастығының бір мүшесі атанасыздар.

Құрметпен,
Данияр Жігітбек
Kitapal Club президенті