Get Mystery Box with random crypto!

💝 NEKELIM | Ислам • Неке • Отбасы

Logo saluran telegram nekelim_kz — 💝 NEKELIM | Ислам • Неке • Отбасы N
Logo saluran telegram nekelim_kz — 💝 NEKELIM | Ислам • Неке • Отбасы
Alamat saluran: @nekelim_kz
Kategori: Agama
Bahasa: Bahasa Indonesia
Pelanggan: 1.61K
Deskripsi dari saluran

Исламдағы неке мен отбасы құндылықтарын дәріптеуші діни парақша

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Pesan-pesan terbaru

2023-06-05 19:36:33 Кішкене бір баладан: «Анаңның аты кім?» - деп сұралған кезде, «Білмеймін, әкем «Сүйіктім» дейді, ал мен «Анашым» деймін»! - деп жауап берген екен.

«Ең бақытты әйел» кітабынан

https://t.me/maktubatkz
1.2K views16:36
Buka / Bagaimana
2023-04-11 00:26:15 أسوأ زواج عندما يختار الشاب الجسد
وتوافق الفتاة من أجل المال

Отбасы құрудағы ең сәтсіз таңдау:
- Жігіт тек қана тәнді таңдайды;
- Қыз жігіттің дүниесі үшін соған келіседі.

@nekelim_kz
3.3K viewsedited  21:26
Buka / Bagaimana
2023-03-28 07:21:28 Әйел адамның Рамазандағы сыйы қандай үлкен! Үй шаруасына, ұстаған оразасына, ауызашар әзірлегеніне сансыз сауап алады. О Алла, оларды қуаттап, жазасыз Жәннатқа кірулерін нәсіп ет.

Шейх Ахмад әл-Мағасрауи

@oraza_kz
4.1K views04:21
Buka / Bagaimana
2023-03-04 07:30:46 Идеялды ер - өзін идеал әйелі бар еркек санайтын адам.

Бернард Шоу
4.9K views04:30
Buka / Bagaimana
2023-02-27 17:21:32
Cіз төрт әйелді жоспарлап жүрсіз бе әлде қиялдап па?)
5.1K views14:21
Buka / Bagaimana
2023-02-15 08:29:37 Еркек деген қатынсыз тұрған күнде бір жалаңаш кісі есепті. Қатын алды, киімді болды. Киімі жақсы болса, жұртқа мұны жақсы көрсетпек. Сол киім жаман болса, жұртқа мұны жаман көрcетпек. Қатын жаман болған соң, бұ сорлы ағайынға да жаман, алашқа да жаман, туысқанға да жаман, балаға да жаман.Қатын жақсы болса, онда бұл көрінгеннің бәріне жақсы кісі болады. Жаман еркекті жақсы қатын түзейді, кісі қатарына қосады.

...Құдай оңғарайын десе пендесінің әуелі қатынын жақсы қылып, өзіне лайықты қылып жолықтырады. Онан соң оның жолдасы да жақсы болып жолығады. Мұндай жан қараның ханы болып, дәурен сүреді».

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

@nekelim_kz
4.6K views05:29
Buka / Bagaimana
2022-12-13 11:31:17 Каналды жүргізуге ерікті админ іздейміз.

Шарттары:

- Канал тематикасына сай жазба жазып, қызықты ақпараттармен бөлісу
- Жауапкершілік
- Бос уақыт пен ықылас
- Аудио, видео салу (үйретеміз)

Жоғарыдағы талаптарға сай келсеңіз @apendibot жазыңыз.

Өзіңіз туралы шағын резюме жіберіңіз:

- Аты-жөні, жасы, қабілеттері, діни ілімі т.б
6.2K viewsedited  08:31
Buka / Bagaimana
2022-11-26 18:44:25
6.8K views15:44
Buka / Bagaimana
2022-11-09 06:56:24 1. Жауды жеңсең де ақылсыз әйелді жеңе алмайсың. Үндемесең басыңа шығады. Үндесең жәбірлеуші боласың.

2. Ақылсыз әйелге қорлаушыдан, қорлық көрушіге айнала салу оңай. Өйткені: Әйелдер жайлы жазылған һам жазылмаған заңдар олардың солай көрінуіне мүмкіндік береді.

3. Әйел ашуланса жылап алады, бұлқан-талқан болады. Қара энергия көз жасымен, айғай- аттанмен шығып кетеді. Еркетер жылай алмайды. Көп жағдайда ашуын тежеп қалады. Еркектердің ерте өліп қалатыны содан.

4. Әйел мен еркектің арасындағы жаңжалға еркекті кінәлап кесім айтамыз. Бірақ нақтылы жағдай өз басымыздан өтсе, бұлай кінәлаудың кейде әділетсіз екенін түсінер едік.

5. Ақылсыз әйелмен ренжіспеудің, ақылды әйелмен ренжісудің амалын таба алмайсың.

6. Ақылсыз әйел жақсы дүниені, ақылды әйел жақсы еркекті қадірлейді.

Мұратхан ШОҚАН

@nekelim_kz
7.4K views03:56
Buka / Bagaimana
2022-11-03 06:01:55 Әйел алса төрт белгісін көздейді,
Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.
Бай әйелді біреу іздеп жүреді,
Енді бірі сұлуға көз тігеді.
Бірі тілер тұқымы асыл, тектіні,
Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.
Бірі нәзік, имандысын таңдайды,
Оны тапса, көңілде алаң қалмайды.

Жүсіп Баласағұн

@nekelim_kz
6.5K views03:01
Buka / Bagaimana