Get Mystery Box with random crypto!

Еркек деген қатынсыз тұрған күнде бір жалаңаш кісі есепті. Қат | 💝 NEKELIM | Ислам • Неке • Отбасы

Еркек деген қатынсыз тұрған күнде бір жалаңаш кісі есепті. Қатын алды, киімді болды. Киімі жақсы болса, жұртқа мұны жақсы көрсетпек. Сол киім жаман болса, жұртқа мұны жаман көрcетпек. Қатын жаман болған соң, бұ сорлы ағайынға да жаман, алашқа да жаман, туысқанға да жаман, балаға да жаман.Қатын жақсы болса, онда бұл көрінгеннің бәріне жақсы кісі болады. Жаман еркекті жақсы қатын түзейді, кісі қатарына қосады.

...Құдай оңғарайын десе пендесінің әуелі қатынын жақсы қылып, өзіне лайықты қылып жолықтырады. Онан соң оның жолдасы да жақсы болып жолығады. Мұндай жан қараның ханы болып, дәурен сүреді».

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

@nekelim_kz