Get Mystery Box with random crypto!

1. Жауды жеңсең де ақылсыз әйелді жеңе алмайсың. Үндемесең бас | 💝 NEKELIM | Ислам • Неке • Отбасы

1. Жауды жеңсең де ақылсыз әйелді жеңе алмайсың. Үндемесең басыңа шығады. Үндесең жәбірлеуші боласың.

2. Ақылсыз әйелге қорлаушыдан, қорлық көрушіге айнала салу оңай. Өйткені: Әйелдер жайлы жазылған һам жазылмаған заңдар олардың солай көрінуіне мүмкіндік береді.

3. Әйел ашуланса жылап алады, бұлқан-талқан болады. Қара энергия көз жасымен, айғай- аттанмен шығып кетеді. Еркетер жылай алмайды. Көп жағдайда ашуын тежеп қалады. Еркектердің ерте өліп қалатыны содан.

4. Әйел мен еркектің арасындағы жаңжалға еркекті кінәлап кесім айтамыз. Бірақ нақтылы жағдай өз басымыздан өтсе, бұлай кінәлаудың кейде әділетсіз екенін түсінер едік.

5. Ақылсыз әйелмен ренжіспеудің, ақылды әйелмен ренжісудің амалын таба алмайсың.

6. Ақылсыз әйел жақсы дүниені, ақылды әйел жақсы еркекті қадірлейді.

Мұратхан ШОҚАН

@nekelim_kz